Нағыз қызылордалыққа тән 15 ерекшелік 1. Егер танысу кезінде ол сізден "Руың қандай?" деп сұрайтын болса, оның қызылордалық екеніне сенімді бола аласыз. Қызылордалықтар қан тазалығын бірінші кезекке қояды; 2. Қызылордалықтар кеңінен көсіліп қыдырғанды ұнатады. Олар қонақжай әрі мейірімді, сіздерді танымаса да дастарханға шақырады; 3. Өзге қалада жүрген қызылордалық тек арнайы таксидің қызметін пайдаланады; 4. Егер сіздің қалаңыздағы қонақ краныңыздан ыстық су ағып тұрғанына таңырқап, "бойлер орнатқансыз ба?" деген сұрақ қойса, оның қызылордалық екеніне күмәніңіз болмасын; 5. Өз аймағында климаттың қолайсыз болуының арқасында қызылордалықтар еліміздің солтүстігінде де, оңтүстігінде де емін-еркін өмір сүре алады. Көп елдерде 50 градус ыстықта төтенше жағдай жариялап жатса, қызылордалық мұндай ауа райында сыртта қыдырып, үйге келгенде ыстық шай ішеді; 6. Егер сіз өз қалаңызда күнге жақсылап қыздырынған адамды көріп қалсаңыз, оны Дубайда демалып келді деп ойлап қалмаңыз. Себебі, ол "Қамбаш" көліне барып, демалып қайтқан қызылордалық болуы мүмкін; 7. Қызылорда тұрғындарының 92 пайызы ғана қазақтар болғанына қарамастан, қазақ тілінде 99 пайызы сөйлейді. Әр қызылордалық өзінің таза қазақ тілінде сөйлеп жүргеніне күмән келтірмейді; 8. Тек қызылордалық қана діттеген аялдамаға жету үшін лық толы автобуста кез-келген қалыпта тұра алады. Бұл - өзіндік қалалық экстрим түрі; 9. Егер ол темекіні екі қолымен жауып шегетін болса, оны нақты Қызылорда тумасы деуге болады; 10. Қызылордалық өз киіміне үлкен мән беріп, киіміне қарай қарсы алатынын естен шығармайды; 11. Қазақстан бойынша ең сұлу қыздар Қызылордада тұрады; 12. Кей қызылордалықтар өзінің қызылордалық екенін айтудан ұялады; 13. Жел көтерілсе, нағыз қызылордалық "зымыран ұшты" деп айтады; 14. Қызылордалық "қойшиш", "не зат анасы", "айландыр айландыр", "әпше" және өзге де түсініксіз сөздерді ешуақытта айтпайды; 15. Егер өз қалаңызда көшенің қақ ортасымен жүріп бара жатқан адамды көріп қалсаңыз, ол - қызылордалық. Себебі, Қызылордада жаяужол жоқ. Жалпы Қызылорда тұрғындары - өте жайдарлы, әзілқой әрі мәселеге қатты уайымдамай, "Тәуекел бір нәрсесі болар" деген көзқараспен қарайтын адамдар.